- Басты
- Г.Әбдіхалықова: «Нұрлы жол» жобаларын іске асыру ісіне әйелдердің көбірек тартылуын қамтамасыз ету маңызды
Г.Әбдіхалықова: «Нұрлы жол» жобаларын іске асыру ісіне әйелдердің көбірек тартылуын қамтамасыз ету маңызды

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Қазбекова, Ауғанстан Парламентінің депутаты Ш.Баракзай, БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Х.Кларк, Нобельдік бейбітшілік сыйлығының 2011 жылғы лауреаты Т.Карман, сондай-ақ таяу және алыс шет елдердің саяси, экономикалық, бизнес-топтары өкілдері қатысты.
Форумды ашқан Г.Әбдіхалықова гендерлік теңдікті ілгерлетудегі және әйелдердің іскерлік белсенділігін арттырудағы еліміздің жетістіктерін атап өтті. Мемлекеттік хатшы институционалдық тәсілдерді жетілдірудің, әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамытуға инвестициялар мен инновациялар тартудың және әйелдерді оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың заманауи инфрақұрылымын жасау қажеттілігіне назар аударды.
Г.Әбдіхалықова қазіргі кезеңде инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасындағы жобаларды іске асыру ісіне әйелдердің көбірек тартылуын қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.
Сонымен бірге, форумда әлемдік жаңа трендтер жағдайында әйелдердің экономикалық белсенділігін одан әрі арттыруға қатысты сын-қатерлер мен мүмкіндіктер талқыланды.
Форумды Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырды. Форум жұмысының қорытындысы бойынша әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде ұсынымдар әзірленді.
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Сарапшылар пікірі: «Саяси реформа жасалып, халықтың уәжі жоғары жаққа жетуі тиіс»
-
Тоқаев: Еріктілер Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті
-
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды
-
М.Бекетаев: Қорғаушы пен прокурор құқығының теңдігі қамтамасыз етіледі
-
Тауарларды таңбалау: Сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге мүмкіндік береді
-
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдердің үлесін арттыратын алаң
-
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім

