• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Ошақбаев: ЕАЭО Іскерлік кеңесі Одаққа мүше елдердің кәсіпкерлеріне бизнес-жобаларды талқылауға мүмкіндік береді

Р.Ошақбаев: ЕАЭО Іскерлік кеңесі Одаққа мүше елдердің кәсіпкерлеріне бизнес-жобаларды талқылауға мүмкіндік береді

21 Мамыр, 2015 18:09
VIII Астана экономикалық форумының аясында «Атамекен» ұлтық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев жаңа құрылған ЕАЭО Іскерлік кеңесінің жұмыс форматы туралы айтып берді.

«ЕАЭО Іскерлік кеңесі бүгінгі таңға дейін қызмет етіп келген Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің ең ірі бизнес-қауымдастықтарын біріктірген «Бизнес-диалог» алаңын алмастырады да енді оның құрамында жаңа мүшелері болады. Ол айтарлықтай серпін береді – біз барлық бес мемлекеттің бизнес-қауымдастықтарының біріктірілген, тікелей коммуникациялары мен мүмкіндіктеріне қол жеткіземіз»,-деді Р.Ошақбаев.   

Оның сөзінше, Қазақстан жекелеген салаларда объективті бәсекелес бола алады, соған қарамастан, мүдделердің  басым бөлігі ортақ болады.   

«Бұрындары бізде ЕЭК мен «Бизнес-диалог» арасында үйлестіру кеңесінің форматы бар болатын, қазір біз оның «ЕЭК және Іскерлік кеңес»  сияқты екіжақты форматын жасаймыз»,-деп қосты Р.Ошақбаев.   

ҰКП-ның Басқарма төрағасының орынбасарының сөзінше, Іскерлік кеңесті құрудағы жаңалық жыл сайын кездесіп отыру нормасы. «Яғни қазақстандық кәсіпкерлер ЕАЭО іскерлік ортасының өкілдерімен жылына бір рет бас қосып, өзекті мәселелерді талқылайтын болады»,-деді төрағаның орынбасары.    

 Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар