- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ішкі тұтынудағы азық-түліктің негізгі өнімдерін өндіру деңгейі 80% құрайды – А.Мамытбеков
Қазақстанда ішкі тұтынудағы азық-түліктің негізгі өнімдерін өндіру деңгейі 80% құрайды – А.Мамытбеков
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков атап өткендей, азық-түлік қауіпсіздігі іс жүзінде азық-түлік өндірісі ғана емес, жалпы экономиканың дамуының жағдайын білдіреді.
Бұл жағдайда Қазақстанның ауыл шаруашылығы оң үрдіске ие. Жалпы өнімнің ортақ көлемі соңғы 5 жылда 1,5 астам есеге өсті және 2014 жылдың қорытындысы бойынша 13,5 млрд. АҚШ долларын (2,5 трлн. теңгені) құрады, деп хабарлады АШМ.
«Техникалық және технологиялық қайта жарақтануға, қаржылық ресурстардың қол жетімділігін арттыруға, агробизнесті тиімді жүргізуге бағытталған «Агробизнес-2020» бағдарламасы іске асырылуда», - делінген хабарламада.
Қабылданып жатқан шаралар өнімнің өзіндік құнын төмендету, сапаны жақсарту және ауыл шаруашылығы тауарларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мүкіндігін береді. АӨК өнімінің экспорты соңғы 5 жылда 1,5 есеге өсті және 2014 жылдың қорытындысы бойынша 2,6 млрд. АҚШ долларына жетті.
Біріккен ұлттар ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бағалауы бойынша әлемде аштық көлемі қысқаруда. Алайда, ФАО 2012-2014 жылдардағы деректері бойынша әлем үшінші елдер мемлекеттерінде үнемі дұрыс тамақтанбаудан 805 млн. адам зардап шегуде.
Қазақстанда ішкі тұтынудағы азық-түліктің негізгі өнімдерін өндіру деңгейі 80% құрайды. Бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылға дейін еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Концепциясының жобасын әзірлеуде.
Елдің жоғары азық-түлік деңгейіне жетіп, Қазақстан бүкіл әлемде азық-түлікпен қамтамасыз етудің деңгейін жоғарлатуда. 2011 жылы Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымын құру туралы бастама жасады.
Панелдік сессияға ФАО бас директоры Жозе Грациану да Сильва, халықаралық ауыл шаруашылығы даму қорының вице-президенті (ИФАД) Мишель Мордасини, Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Людмила Нижевич, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының президенті Ғани Қалиев, ҚР Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Ромин Мәдинов қатысты.
Панелдік сессияға қатысушылар республикада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шараларды күшейтуді ұсынды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері