• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р. Доббс: Қазақстан өзін астық өнімдерін жеткізуші ретінде таныстыра алады

Р. Доббс: Қазақстан өзін астық өнімдерін жеткізуші ретінде таныстыра алады

21 Мамыр, 2015 17:52
Қазақстан өзін астық өнімдерін жеткізуші ретінде таныстыра алады, деді McKinsey Global Institute директоры Ричард Доббс Астана экономикалық форумында.

«Біз Азияның орта табы туралы айтқанда скважиналардан бөлек, тауарлар туралы айтамыз.Демек, азық-түлік қажеттлігін байқаймыз. Меніңше, мұнайдың бағасы әрқалай болуы мүмкін. Бірақ, Қазақстанға аса маңызды болып астық өнеркәсібі де саналады, себебі байтақ далада астық мәдениеті де осал емес дамыған, ол өзін астық жеткізетін ел ретінде нарықта байқата алады», - деді Р.Доббс.

Р.Доббс Шығыс Қытайдың құс өнімін өндіру нарығы туралы айтып өтті.

«Сіздерде Қазақстанда бұл оқиғаны жүзеге асырып, Қазақстаннан құс етін шығаруға мүмкіндік бар. Осындай қарқынмен 5-7 жылдық даму тұрақтылығын орнатып қоясыздар. Меніңше, бас кезінде бұл іс әр ойнап қиындықтар туғызуы мүмкін, десек те жеткізу кезеңін табуға мүмкіндік бар. Мүмкін, мұнайхимиялық кластер тұрғызу керек шығар. Бұл да Қазақстан үшін айтарлықтай маңызды. Сіздерге шикізат пен азық-түлік жеткізу  саласында орталыққа айналу керек», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар