Сенатта ХВҚ миссиясының мүшелерімен кездесу өтті

21 Мамыр, 2015 20:28
Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Халықаралық валюта қоры миссиясының мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Сенат.

Тараптар ҚР Үкіметінің негізгі экономикалық саясатының басымдықтарын талқылады.

Р.Ахметов миссия өкілдерін 5 институционалды реформа, Ұлт жоспары, «Нұрлы жол» экономикалық  бағыты туралы ақпараттандырды.

ХВҚ миссия басшысы Хоссейн Самии ҚР-дағы экономикалық жағдайға баға берді.

Кездесу барысында ақша-несиелік саясат, банк саласы, шағын және орта бизнесті дамыту  саласында пікір алмасылды.

 

Барлық жаңалықтар