• Басты
  • Жаңалықтар
  • С. Форбс: Қазақстан халықаралық дәрежеде жоғарғы технологияларды дамытуға әзір

С. Форбс: Қазақстан халықаралық дәрежеде жоғарғы технологияларды дамытуға әзір

21 Мамыр, 2015 17:39
Қазақстан халықаралық дәрежеде жоғарғы технологияларды дамытуға әзір, деді Forbes іскерлік күнделігінің бас редакторы Стивен Форбс Астана экономикалық форумында.

«Жоғарғы технологияларды дамыту – мен оларды осы жерде дамытпаудың себебін көріп отырған жоқпын. Одан әрі азық-түлік жеткізуді ұйымдастыру қажет. Одан әргі кезең қаржылық қызмет пен валютаның тұрақталығын қамту кетеді. Сіздер осы істі бастағанда ірі қаржылық қызметтерді дамытуға көңіл бөлген адамдар легін байқайсыздар. Бұл Сингапур мен Гонконгта жүзеге асуда», - деді С.Форбс.

Оның айтуынша, еркін нарықтың негізі адамдар халықаралық дәрежеде және заңды түрде  өздері кәсіпорын құрады.

Айта кетейік, бүгін VIII Астана экономикалық форумы өтуде. Осы жылы форум «Инфрақұрылым – экономикалық дамудың драйвері» тақырыбына арналды.

Екі күн бойы, яғни 21-22 мамырда 30 шара өткізу жоспарланған.

2030 жылға дейінгі бас қаланың дамытылуы  3D-симулятор таныстырылады. Әр түрлі саладағы маңызды мәселелер таныстырылады.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар