• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов: Қазақстан дубайлық халықаралық қаржы орталығының үлгісін қайталайтын екі жобаға кірісті

К.Мәсімов: Қазақстан дубайлық халықаралық қаржы орталығының үлгісін қайталайтын екі жобаға кірісті

21 Мамыр, 2015 17:22
Қазақстан дубайлық халықаралық қаржы орталығының үлгісін қайталайтын екі жаңа жобаны жүзеге асыруға кірісті және олар ағылшын заңнамаларына негізделетін болады, деді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов VIII Астана экономикалық форумының барысында.

«Біз экономикалық тұрақсыздық кезеңін өзіміздің құрылымдық және институционалды реформаларымызды жүзеге асыру үшін пайдаланамыз. Бұл ретте біздің басты басымдықтарымыз болып, жалғасын тауып келе жатқан реттеуші реформа, инвестициялық климатты жақсарту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жемқорлықпен күрес болып қалады. Алайда, біз экономикамыздың жаңғыртудың тірегі болып қалатын бәсекеге қабілетті қаржы секторын дамыту ісін жеделдетеміз»,-деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысының сөзінше, осы мақсаттар үшін Қазақстан жаңа екі жобаны жүзеге асыруды бастады. Ол – Астана халықаралық қаржы орталығы және үздіктер орталығы. Бұл жоба дубайлық халықаралық қаржы орталығының көшірмесі және ол ағылшындардың заңнамаларына негізделеді. «Осылайша, Қазақстан сіздердің инвестициялық басымдықтарыңыз болады. Еуропалық Одақ біздің біздің басты сауда әріптесіміз болады»,-деді ҚР Премьер-Министрі.  

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар