Африкалық жастар Қазақстанда білім ала алады – Ыдырысов

21 Мамыр, 2015 16:42
Африка жастарының бірінші легі 2015 жылдың жазында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰДБ бірігіп жасап жатқан жобасы арқасында білім ала алады, деді ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов Астана экономикалық форумы аясында.

«Білім беру – бұл негізгі аспектілердің бірі. Африканың көптеген жастары 2015 жылдың жазында біздің тәжірибеміз мол салада білім алуға ат басын бұрады. Бұл энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина. Біз бұл курсанттардың алғашқы легін қарсы алуға ризамыз», - деді ол.

СІМ басшысы атап өткендей, Қазақстан  энергетика мен өндірістік қауіпсіздік саласында Африка елдерімен ынтымақтастық жүргізуге мүдделі.

«Маусым айында мен Африкандық кеңестің саммитіне қатысамын.  Энергетика мен өндірістік қауіпсіздік саласына қатысты мәселелерді талдауға қатысамын. Өкінішке қарай, бұл шараның министрлік бөліміндегісіне қатыса алмаймын, ол кезде Қазақстанда басқа салада конференция болады», - деді  министр.

Анара Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар