• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҰҰ Қазақстанды теңізге шыға алмайтын елдердің арасында электронды үкіметті дамыту жағынан көшбасшы ретінде атады

БҰҰ Қазақстанды теңізге шыға алмайтын елдердің арасында электронды үкіметті дамыту жағынан көшбасшы ретінде атады

21 Мамыр, 2015 16:23
Электронды үкіметті дамыту жағынан Қазақстан теңізге шыға алмайтын елдердің арасында көш бастап тұр, деді БҰҰ департаментінің электронды үкімет басқармасының жетекшісі Винченцо Акваро Астана экономикалық форумының барысында.

«Әлемнің 193  мемлекеті кіретін және әлемдегі жалғаз басылымның шолу рейтингінде теңізге шыға алмайтын елдердің ішінде біздің мемлекетіміз көшбасшылардың қатарында аталды»,-деді ол.

«Орыс тілінде алғаш рет жарық көрген аталмыш құжат БҰҰ-ның ақпараттық қоғам мен электронды үкіметті одан әрі дамыту мәселелерін талқылауда маңызды баяндама болады. Сонымен қатар ол «Ұлт жоспары -100 қадам» құжатымен де үндеседі»,-деді БҰҰ департаментінің Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша ассистенті Лени Монтьеля.       

«Астана экономикалық форумы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 қадам» жоспарын жариялаған тұста өтіп жатыр. Бұл құжатта да электронды үкімет пен ақпараттық қоғамды дамыту сияқты мәселелер көтерілген. Бұл бүгін біз талқылаған маңызды мәселелердің бірі болды»,-деді ол.     

Анар Тәңірқұлова. 

Барлық жаңалықтар