• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазмырыш» ЖШС-ға арналған өнімді Қазақстанның ШОБ кәсіпорындары жеткізеді

«Қазмырыш» ЖШС-ға арналған өнімді Қазақстанның ШОБ кәсіпорындары жеткізеді

22 Мамыр, 2015 09:13
«Қазмырыш» ЖШС мен қазақстандық кәсіпорындар, оның ішінде Шығыс Қазақстан өңірінің кәсіпорындары 700 млн теңге тұратын отандық өнімді жеткізу бойынша меморандумға қол қойды, ол отандық тауар өндірушілерді қолдайтыны анық.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, келісім аралас өнімді дамытуға мүмкіндік береді. «Қазмырыш» ЖШС  өнімдерді паробациядан өткізіп, отандық тауар сапасын жақсартады.

«Меморандумдарға қол қою аясында кездесуге қатысушылар «Қазмырыш» ЖШС үшін қандай өнім керектігінің талаптарымен танысты. « Машзауыт» ЖШС, «Жөндеу-электрхимиялық зауыт» ЖШС, «КЭМОНТ» А Қ компания өкілдері ынтымақтастық тиімді болады деп айтуда», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Қазақстанның ірі компанияларына мониторинг жүргізу барысында импорттың тарихын зерттеу барысында отандық өнім шетелдік өнімнен кем қалмайтынын көрсетті.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар