• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Люксембург елдер арасындағы әуе қатынасы жөнінде келісімге қол қойды – ҚР ИДМ

Қазақстан мен Люксембург елдер арасындағы әуе қатынасы жөнінде келісімге қол қойды – ҚР ИДМ

21 Мамыр, 2015 17:36
ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев пен Люксембургтың тұрақты даму және инфрақұрылым министрі Франсуа Бауш екі ел арасындағы әуе қатынасы жөнінде келісімге қол қойды.

Инвестициялар және даму министрлігі  хабарлағандай, келісімнің басты ерекшелігі – бұл құжатқа сүйеніп Еуроодақ елдерінің Қазақстанға бұған дейін ұшып жүрмеген кез келген авиакомпаниясы люксембургтік тасымалдаушылардың құқығын пайдалана отырып, Люксембургтен Қазақстанға авиатасымалдауларын ұйымдастыра алатын болады.

«Осының арқасында бұл келісім Қазақстанға Еуроодақтың 20-дан астам мемлекеттерінің авиакомпанияларына Қазақстанға қарай әуе жолдарын ашады. Ол авиакомпаниялардың қатарына бұған дейін ҚР-на ұшып жүрген Германия, Австрия, Голландия, Чехия, Ұлыбритания авиатасымалдаушылары кірмейді», - делінген хабарламада.

ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінде атап өткендей, бұл келісімге Елбасының халыққа арнаған «Нұрлыж жол– болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтқан Қазақстанда халықаралық авиациялық тасымалды және авиация хабын дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру аясында қол қойылды.

 

 

Барлық жаңалықтар