- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада VIIІ АЭФ аясында Полиграфологтардың бірінші конгресі өтті
Астанада VIIІ АЭФ аясында Полиграфологтардың бірінші конгресі өтті
Ведомство хабарлағандай, оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Ресей және Болгария полиграфологтар қауымдастығы, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Форумның жұмысы барысында жиналғандардың алдында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментінің бастығы Р.Досымбекова, полиграфолог-сарапшылардың ұлттық мектебінің басшылары С.Занев мырза (Болгария Республикасы), А.Пеленицын және А.Сошников мырзалар (Ресей Федерациясы), отандық және шетел ғалымдары сөз сөйледі.
Отырыс кезінде ведомствоаралық Полиграфологтар Кеңесінің тұсаукесері болды, оның басты міндеті құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың полиграфологиялық қызметін қамтамасыз ету мен дамытуға көмек беру болып табылады.
Конгрестің қатысушылары осындай кәсіби қауымдастықты құрудың маңыздылығына тоқталып, халықаралық ынтымақтастықты орнату, полиграфологтар қызметін қалыптастыру мен дамыту, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін дамыту үшін қажет екенін атап көрсетті.
Көпшіліктің пікірі бойынша ортақ күш-жігерді біріктіру құқық қорғау органдарына халықтың сенімін арттыруға, олардың қызметінің тиімділігін көтеруге оңды әсер етеді. Сонымен бірге, мамандардың өзара әрекеттесуі – полиграфты қолданудың нормативтік-құқықтық базасын дамыту, полиграфолог мамандардың қызметін ақпараттық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, полиграфологиялық зерттеулер жүргізудің өзекті мәселелері бойынша ведомствоаралық және халықаралық ғылыми-ақпараттық алмасуды дамыту үшін аса маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар, полиграфологиялық зерттеулер жүргізудің айрықша тәжірибесі тек ведомствоаралық ықпалдасу жолымен ғана қалыптаса алады және осындай кәсіби қауымдастықты құру, жалпы алғанда, осыған мүмкіндік беретін болады.
Шетелдік ғалымдар мен полиграфолог сарапшылар полиграфологиялық зерттеу жүргізудің психофизиологиялық ерекшеліктерін және тестілеу әдістерін тәжірибеде қолдануға байланысты өздерінің шеберлік сағаттарын өткізді.
Конгресс жұмысының нәтижесі бойынша Болгария және Ресей полиграфологтарының бірлестіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті