• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бизнес-омбудсмен институтын жасақтау кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайды арттыруға септігін тигізеді – сарапшы

Бизнес-омбудсмен институтын жасақтау кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайды арттыруға септігін тигізеді – сарапшы

21 Мамыр, 2015 15:53
Нарықтық экономика институтының (IME) Басқарма төрағасы Красен Станче ОКҚ-ның көшпелі баспасөз конференциясында әлемдік бизнес –омбудсменнің тәжірибесі туралы әңгімелеп берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Ұлт жоспары – бес институциналды реформаны жүзеге асыратын  100 қадамды жүзеге асыру туралы хабарлады. Бағыттардың бірі кәсіпкерлердің мүддесін қорғау мақсатында бизнес-омбудсмен институтын нығайту. Жаңа институттың құрамына бизнес және ҰКП өкілдері  кіреді.

«Шағын және орта бизнес омбудсменнің жарқын үлгісі  - АҚШ-та. Оның миссиясы бизнес ортаны жақсарту, кедергілерді төмендету, мемлекеттік сатып алу саласын жақсарту. Бұл үздік үлгі. Өзге мемлекеттерде шағын бизнес бойынша агенттіктер бар», - деді Красен Станчев.

«Біз 100 қадам – жоспарын бүге-шүгесіне дейін зерттедік. Бұл бастама ҰКП 2 жыл бойы белсенді жұмыс істеп келе жатқанын ескере келе өте керек. АҚШ-та бұл бөлек институт, оған мемлекеттік шешімдерді жоққа шығаруға мүмкіндік берілген. Ол бизнесті қорғау институты», - деп атап өтті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ Басқарма төрағасы Ләззәт Ибрагимова.

Барлық жаңалықтар