• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіхалықова БҰҰДБ басшымен өзара тиімді серіктестік бағыттарын талқылады (Фото)

Г.Әбдіхалықова БҰҰДБ басшымен өзара тиімді серіктестік бағыттарын талқылады (Фото)

21 Мамыр, 2015 14:47
VIII Астана экономикалық форумы аясында ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен БҰҰ Даму Бағдарламасының басшысы Хелен Кларкпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара тиімді серіктестік мәселелерін және оны кеңейту жолдарын  талқылады.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы қалыптасқан тұрақты серіктестік қарым-қатынастарды атап өтіп, маңызды жобаларды жүзеге асыру барысында көрсетілген техникалық көмекке алғысын білдірді. Аталмыш жобалар кедейлік пен жұмыссыздықты төмендетуге, бала мен ана өлімін азайтуға, тұрақты дамуға, қоршаған ортаны жақсартуға сынды маңызды мәселелерге бағытталған.

Г.Әбдіхалықова 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы серіктестік туралы жаңа шекті бағдарлама «Қазақстан - 2050» стратегиясының, «Нұрлы Жол» бағдарламасының және 5 институционалды реформаның мақсатына жетуіне септігін тигізер деген сенім білдірді.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар