- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Қазақстан мен Литва арасындағы саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті
Н.Назарбаев Қазақстан мен Литва арасындағы саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті
Кездесу барысында екіжақты, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Елбасы 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысқа жауап ретінде ұйымдастырылған форумға қатысатыны үшін Литва Премьер-министріне алғыс айтты.
«Форумға 90 елден келген үш мың делегат қатысады. Біз Қазақстанның инфрақұрылымдық және индустриялық даму тұрғысынан қабылдап жатқан шаралары мен жүзеге асырып жатқан өзге де бағдарламалары туралы айтпақ ниеттеміз», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің арасындағы саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
« Литвамен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдық. Сіздің сапарыңыз ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызмет етеді деп үміттенемін», – деді Мемлекет басшысы.
А.Буткявичюс екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
«Қазақстан Литваның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі болып саналады», – деп атап өтті А.Буткявичюс.
Литва Премьер-министрі сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты ел Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстанның алға қойған барлық мақсаттарына жететініне сенімділік білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды