• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында 2013 жылы «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 8,5 мың жұмыс орны ашылды

Ақмола облысында 2013 жылы «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 8,5 мың жұмыс орны ашылды

13 Қазан, 2013 13:05
Ақмола облысында ағымдағы жылы жаңа өндірістерді ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа әлеуметтік нысандарды іске қосу есебінен 8,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды, деп облыстың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 «Жаңа өндірістерді ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа әлеуметтік нысандарды іске қосу есебінен 8,5 мың жаңа жұмыс орны, с.і. 5,1 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі – 5,2%, ресми жұмыссыздықтың деңгейі – 0,5%  құрады», - деп басқарма хабарламасында нақтыланған.

Жұмыспен қамту қызметіне 9,6 мың адам өтініш білдірді, олардан 6,6 мың адам  жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 3,5 мың адам жіберілді.

Тұрмысы кедейліктің шегінен төмен азаматтардың саны  2012 жылдың деңгейінен 20,2%-ға қысқартылып 904 адам құрады. Барлық қаржыландыру көздерінен 3,5 мың аз қамтылған азаматтарға 63,9 млн. теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

Айта кетейік, орташа айлық еңбекақы 2012 жылдың деңгейіне 5,1%-ға артты және 77 мың теңге құрады.

 

Барлық жаңалықтар