- Басты
- Жаңалықтар
- «Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың бірнеше жаңа тетіктерін жетілдірді - Ибрагимова
«Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың бірнеше жаңа тетіктерін жетілдірді - Ибрагимова
«Даму» Қоры ұсынған жаңа құралдардың ішінде несиелерді кепілдендірудің баламалы бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама саласы мен аймағына қарамастан «Даму» Қорының 50 пайызға дейін берілетін кепілдігін қарастырады. Сонымен қатар, кез-келген салада кәсіпкерлікті құру мен дамыту үшін сатып алынатын франшизаны 70 пайызға дейін кепілдендіру көзделген.
«Даму» Қоры арқылы енгізілетін тағы бір құрал – ұсаққаржыландыру. Яғни екінші деңгейлі банктерге ұқсас ұсаққаржыландыру ұйымдарын қорландыру бағдарламасы. Бұл Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан шалғайда жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жеңілдетілген қаржы алуына мүмкіндік береді.
Қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, «Даму» Қоры сонымен қатар Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін исламдық қаржыландыру жүйесін пайдалануды пысықтауда. Қазіргі уақытта халықаралық ислам қаржы институттарынан қаржы тартуға жағдай жасау үшін ҚР Ұлттық Банкі және мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамалық құжаттар жетілдірілуде. Мәселен, Малайзия мен араб елдері Қазақстандық жобаларға қаржы салуға қызығушылық танытып отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға қаржылай көмек көрсетуді жеделдету үшін, «Даму» Қоры шағын және орта кәсіпкерлікті бағалаудың рейтингтік жүйесін жетілдіруді ұсынды. «Даму» Қоры басқармасының Төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша:
Мүнымен қатар, «Даму» Қоры «шағын және орта кәсіпкерлік» түсінігінің барлық сипаттамаларын бір қорытындыға келтіруді ұсынады. Бұл Ләззат Ибрагимованың айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлік бағдарламасын қолдаудың тиімділігін арттырады. Ал клиенттерге несие алуды жеңілдетеді.
«P4D: Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты панельдік сессияда Оңтүстік Корей елінің старт-ап жобаларын кепілдендіру мен қаржыландырудағы тәжірибесі тыңдалды. “KODIT” Кореяның Несиені Кепілдендіру Қорының бас орындаушы директоры Бо-Гён Лидің сөзінше Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан мен Моңғолиядағы шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының аймақтық басшысы Хольгер Вифельтің мәлімдеуінше, ЕҚҚДБ инвестициялық қаржыландыру мен кеңестер беру үшін 2015 жылы Қазақстандағы моноқалалар мен ауылдық аймақтарда жобаларды жүзеге асыруды жоспарлайды.
«Біздің банктің Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеуінде басымдық шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға беріледі», - деді Хольгер Вифель.
Жақында ЕҚҚДБ қорынан елдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ($20 млн.) және ұсақ шағын және орта кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін жобаларды несиелендіруге ($50 млн.) қаржы бөлуге уағдаластық бар. ЕҚҚДБ қарыз «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ кепілдемесімен «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлінеді. Сондай-ақ ЕҚҚДБ 2001 жылдан Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігіне бизнес-кеңестер алу үшін жәрдемқаржылай көмек көрсетіп келеді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді