Г.Греф: 100 нақты қадам – бұл іргелі құжат

21 Мамыр, 2015 13:10
100 нақты қадам – бұл іргелі құжат,бұл экономикалық дағдарыстан шығу үшін Ресейде де қажет құжат, деді VIII Астана экономикалық форумы аясында Ресей Сбербанк басқарма төрағасы мен президенті Герман Греф.

«Үндістанда экономикалық ахуал арттыру бар,  бұл Жапонияда жоқ тәсіл. Ахуалдар туралы айтатын болсақ, біздің аймақта ол бірқатар мөлшерде бар.  Бұл орайда мен Қазақстанда жарияланған құжатқа назар аударғым келеді – ол Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 нақты қадам құжаты. Мен бұл тақырыппен көптеген жыл бойы айналыстым, кәсіби тұрғыда бұл құжатты бағалай аламын.  Бұ мен көрген құжаттардың іргелілерінің бірі.  Ол логистикалық тұрғыда дұрыс ойластырылған.  Егер 100 қадамның 50 орындалса да, Қазақстан көп жоспарды жүзеге асырған ел ретінде  өзге мемлекеттерге таныстырылады», - деді Г.Греф.

Сбербанк төрағасының айтуынша, 100 нақты қадам – бұл іргелі құжат, ол Ресейге де экономикалық дағдарыстан шығу үшін қажет.

«Ресей соңғы қалыптасқан негативті оқиғалардан шығу үшін не істеу керек.  Дәл сол 100 қадам. Ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ, алайда бізде ондай 100 қадам әзірше жоқ. Меніңше, бізге осы тектес құжат керек. Аталмыш құжаттың пайда болуы елдің алған бағыты ешкімге күмән тудырмайды», - деді ол.

Анара Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар