• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Бишімбаев: Еуропа мен Азия елдері арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бойынша дамыту институттары маңызды рөл атқарады

Қ. Бишімбаев: Еуропа мен Азия елдері арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бойынша дамыту институттары маңызды рөл атқарады

21 Мамыр, 2015 12:13
Еуропа мен Азия елдері арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бойынша дамыту институттары маңызды роль атқарады, деп хабарлады «Бәйтерек»Ұлттық холдингі Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев VIII Астана экономикалық форумы барысында.

Келелі отырыста Азия мен Еуропа елдері арасындағы ынтымақтастық байланыстарды жандандыру, сонымен қатар, Қазақстанның екі аймақ арасындағы интеграция процестеріндегі ролі талқыланды.

«Еуропа мен Азия елдері арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бойынша дамыту институттары маңызды роль атқарады. Холдинг азиялық бағытта Қытайдың қаржы институттарымен серіктестік орнатқан. Қазақстанның Премьер-Министрінің жақында ғана Қытайға сапары аясында Қытайдың даму мемлекеттік банкімен және Қытайдың Экси банкімен жалпы сомасы 1 млрд 150 млн долларды құраған келісімге қол жеткізілді. Бүгінде қытайлық тараппен бірлесіп жүзеге асырылатын 48 жоба қарастырылуда, олардың ішіне 35 «Байтерек»холдингісінің араласуымен қаржыландырылуы мүмкін», - деді Қ. Бишімбаев.

Холдинг басшысы атап өткендей, еуропалық бағытта Еуропа қайту құру және даму банкімен байланыс орнатылған. Ағымдағы жылы ЕҚҚДБ-дан ШОБ пен әйел кәсіпкерлігін дамытуға қаржы тарту жоспарланған. Бұдан басқа Астана қаласында жаңа әуежай терминалын салу және қайту құру жобасы аясынада бірлескен жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар неміс компанияларыменде серіктестік орнатылған.

Естеріңізге сала кетейік, елордада VIII Астана экономикалық форумы жұмысын бастады. Биылғы жылы форумның тақырыбы: «Инфрақұрылым – экономикалық дамудың драйвері» деп аталады.

21-22 мамыр аралығында екі күн бойына 30 іс-шара өткізу жоспарланған.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар