- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мемлекетті дамытудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланды
Астанада мемлекетті дамытудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланды
Конференцияның спикерлері ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов, БҰҰ ЭӘМД Электрондық үкімет басқармасының басшысы Винченцо Акваро, БҰҰ Экономикалық даму жөніндегі бас хатшысының көмекшісі Ленни Монтиель, БӨД Атқару комитетінің бас директоры Нурудин Мухитдинов, IDC вице-президенті Стивен Франтцен және т.б. сөз сөйледі.
Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, конференцияyың тақырыбы өте өзекті. Егер бұрында әлеуметтік желілер тілдесу және көңіл көтерудің құралы ретінде пайдаланылса, ал бүгінде олар ақпараттандыру, талқылау алаңдарына, азаматтық жұмылдыру, сондай-ақ тұрақты дамудың қаржыландыру құралдарына айналуда.
«Біз инициативті тұлғалардың, мысал ретінде, ауыр сырқатпен ауырған балаларды емдеу үшін топтарға бірігіп немесе өздігінен қаражат жинап, қайырымдылық қорларына көмек беріп отырғандарын көріп отырмыз. Осылайша, біз қоғамның дамуындағы әлеуметтік желілердің қандай үлкен рөл ойнайтынын түсінеміз», - деп іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрайымы Бикеш Кұрманғалиева атап айтты.
Конференцияның қатысушылары электрондық үкімет мәселелерін, тұрақты дамудағы ашық үкіметтік деректер мен жеке сектордың рөлін талқылады, ал ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру және орталық мемлекеттік органдардың деректер қорына онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жоспарлары туралы айтты.
Сонымен қатар, орыс тілінде электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ның есебі ұсынылды. Іс-шараның қонақтары Мемлекеттік қызметтер жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барды. Бұдан басқа, конференция аясында мемлекеттік қызметтерге көпарналы қолжетімділік бойынша ТМД елдерінің өкілдері үшін оқыту семинары өтті. Қазақстандықтар көршілес елдермен электрондық үкіметті, мобильдік үкіметті құру, электрондық лицензиялау тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар ХҚКО-ның ықпалдастырылған ақпараттық жүйені құрудағы артықшылықтары туралы атап өтті.
Еске сала кетсек, өткен жылы қазақстандық «Зерде» холдингі ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету бойынша ТМД қатысушы-елдерінің Базалық ұйымына айналды.
Жалпы, шетелдік сарапшылар қазақстандық e-үкімет тәжірибесін жоғары бағалағандығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан электрондық үкіметтің даму деңгейі жөнінен БҰҰ(193 ел) әлемдік рейтингісінде 28-ші орынға ие.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері