• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Ыдырысов: Астана экономикалық форумы – әр түрлі шешімдердің қалыптасқан пішіні

Е.Ыдырысов: Астана экономикалық форумы – әр түрлі шешімдердің қалыптасқан пішіні

21 Мамыр, 2015 11:00
Астана экономикалық форумы – әр түрлі шешімдердің қалыптасқан пішіні, деді ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов VIII Астана экономикалық форумы аясында.

«Қазақстан әр түрлі пікірталастар үшін алаң тағайындауды дәстүрге айналдырған. Бізде мәдениет пен дәстүр бар, оны дамытуға мүдделіміз. Астана экономикалық форумы  - дәстүрлердің сегізінші мәртесі болып есептеліп отыр. Біз бұл әр түрлі шешімдерге арналған қалыптасқан алаң деп отырмыз. Олардың бірі G-Global – пікірталастар мен дебаттарды өткізетін виртуалды платформа», - деді Е.Ыдырысов.

СІМ басшысы форум қонақтарына ҚР-да «Қазақстан-2050» Стратегиясы» сынды ұзақ мерзімді жоспарлар бар екенін айтып өтті.

«Бізде барлық жоспарды кеңмен орындау саясаты бар. Мың шақырым жердің өзі бір қадамнан басталады. Біз 300 қадам жасадық, алда әлі  9 700 қадам жасау қажет. Біз оны алқымдайтынымызға сенімдіміз. Бұл біздің мемлекеттің негізгі саясаты», - деді ол.

Анар Тәңірқұулова

 

Барлық жаңалықтар