• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: Қазақстан Жібек жолын жаңғырту бастамасының белсенді қатысушысы

Б.Сағынтаев: Қазақстан Жібек жолын жаңғырту бастамасының белсенді қатысушысы

21 Мамыр, 2015 10:54
Жібек жолын жаңғырту жаһандық жобалардың бірі және Қазақстан аталмыш бағыттың көлік, логистикалық әлеуетін арттыру бастамасының белсенді қатысушысы, деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев VIII Астана экономикалық форумының аясында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолын жаңғырту: жаңа экономикалық перспективалар» атты конференция барысында.

«Биылғы жылы форумның күн тәртібі инфрақұрылымдық жаңғыртуларға арналған. Шешуші мәселелердің бірі Еуразиялық котингентті дамыту – Ұлы Жібек жолын жаңғырту. Қытай, Ресей, Қазақстан мен өзге де бірқатар мемлекеттер сауда, көлік және лигистика инфрақұрылымы салаларын дамыту бағытында ынтымақтастықтың бірыңғай алаңын қалыптастыру ісіне белсене қатысуда»,-деді Б.Сағынтаев.

Оның сөзінше, Қытай «Бір белбеу, бір жол» стратегиясын дамытуда, бұл шара трансшекаралық ынтымақтастықтың жаңа коммуникация жүйесін қалыптастыру бағытындағы ірі жобаларды бірі.

«Қазақстан Жібек жолының көлік, логистикалық әлеуетін арттыру бастамасының белсенді қатысушысы. Жібек жолын жандандыру бірнеше мемлекет қатысып жатқан жаһандық жобалардың бірі»,-деді Б.Сағынтаев.  

Естеріңізге сала кетейік, бүгін VIII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Биылғы форумның тақырыбы «Инфрақұрылым – экономиканың орнықты өсімінің драйвері».

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар