- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Досаев: Қазақстан тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жаңа жолға шықты (Фото)
Е. Досаев: Қазақстан тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жаңа жолға шықты (Фото)
АЭФ төрт сессия аясында өтуде, онда жаһандық экономиканың басты проблемалары талқылануда.
«Біз Жібек жолы бастамасы туралы білеміз, инвестициялар Қытай тарапынан, Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды, біздің табиғи байлықтар қорымыз өте мол, ал 1 қаңтардан бастап – ол ЕАЭО, Қазақстан халқын есепке ала отырғанда», - деп түсіндірді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Министр атап өткендей, рубль мен ЖІӨ өсімі 1% құрады және шикі мұнай бағасының өсуін есепке алғанда мұнай өсімі ЖІӨ өсімінің 1,8% көрсетті. «Біз жаңа жолға – тікелей шетелдік инвестицияларға шықтық, біз инвесторларды тарта аламыз және оны жылдамырақ жүзеге асырған жөн», - деп жалғастырды Досаев.
Сонымен қатар, Досаев Қазақстандағы баламалы энергия көздерінің үлесі мен маңыздылығын атап өтті.
«Баламалы энергия көздерін пайдалану пайызы айтарлықтай өзгерген жоқ. Баяғыша мұнайдың басым бөлігі тасымалдауға, тағы бір бөлігі мұнайхимиясына кетуде», - деп түйді министр.
Естеріңізге сала кетейік, елордада VIII Астана экономикалық форумы жұмысын бастады. Биылғы жылы форумның тақырыбы: «Инфрақұрылым – экономикалық дамудың драйвері» деп аталады.
21-22 мамыр аралығында екі күн бойына 30 іс-шара өткізу жоспарланған.
Қаланы 2030 жылға дейінгі дамытудың 3D-симуляторының таныстырылымы болады. Форумда әлемдік экономиканың болашағы, мұнай бағасының құлдырауы жағдайында қолға алынуы тиіс шаралар мен тұрақты өсім мәселелері сөз болады. Сондай-ақ жиындағы маңызды шаралардың бірі елімізге жаңа ауқымды инвестициялар тартуға бағытталған инвестициялық форум болмақ.
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда