- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында білім беру мекемелерінің жөнделуіне қосымша 1,1 млрд теңге бөлінді
Алматы облысында білім беру мекемелерінің жөнделуіне қосымша 1,1 млрд теңге бөлінді
Облыс әкімдігі хабарлағандай, күн тәртібінде алғашқы болып 2014 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысының 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №40-225 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, облыс бюджеті жас мамандарды жұмыспен қамту, жаңа мектептер мен бала-бақшалардың құрылысына, денсаулық сақтау саласына, жол жөндеу мәселесі мен инфрақұрылымдарға, кәсіпкерлікті дамыту мен халықтың аз қамтылған топтарына көмек көрсетуге бағытталды. Бұдан басқа ауылшаруашылығы саласы, туризм мен спорт, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық салалары мен әлеуметтік объектілер де назардан тыс қалмады.
Нақтырақ айтар болсақ, облыстық бюджет есебінен білім саласының ағымдағы шығындарына қосымша 1,1 млрд. теңге қарастырылды.
Аталған қаражат білім беру нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауына және жаңадан іске қосылатын мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалмақ. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ағымдағы шығыстарға қосымша 186,4 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде 45,6 млн. теңге республикамыздың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен келісілген меморандум қорытындысы бойынша облыс әкімінің гранты негізінде 91 студенттің білім алуына жұмсалады. Облыстық және аудан деңгейіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары да жалғасын табуда.
Бұл бағытқа қосымша облыстық бюджет есебінен 1,9 млрд. теңге қарастырылды. Бұдан басқа Талдықорған қаласында аэропорт ғимаратын күрделі жөндеуге 50 млн. теңге бөлінбек.
Сонымен қатар, орын алуы мүмкін төтенше жағдайлар мен табиғат апаттарының алдын алуға 509,8 млн теңге бөлінді.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Н.Сатыбалдинаның хабарлауынша бюджет есебінен 646,9 млн. теңгеге жетім балаларға арналған 100 пәтер сатып алу жоспарланған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы