• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халықаралық жарыстардың чемпиондары парашют спортында әскери қызметшілерді жаттықтырады (Фото)

Халықаралық жарыстардың чемпиондары парашют спортында әскери қызметшілерді жаттықтырады (Фото)

21 Мамыр, 2015 20:43
2015 жылдың 12-29 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Парашютпен даярлық орталығының базасы және 53975 әскери бөлімінің «Первомайский» аэродромында парашют нұсқаушыларын даярлау және парашютпен секіруді іс жүзінде орындау арқылы олардың біліктілігін арттыру бойынша оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай,  аталған жиынға 53975 әскери бөлімінің іздестіру-құтқару және парашютті-десанттық қызметтің, сондай-ақ арнайы мақсаттағы әскерлер бөлімдерінің әскери қызметшілері тартылды. Жиынның негізгі міндеті – әскери қызметшілердің нұсқаушылар даярлығы бағдарламасын өтуі және одан алған дағдыны жетілдіру болып табылады.

«Осынау іс-шара аясында арнайы нұсқаушылар құрамы парашютшілерді даярлаудың бірыңғай әдістемесін пысықтау, «Қанат» түріндегі парашюттік жүйені және күрделі секіру техникасын орындау маңызды болып отыр», - деді ҚР ҚК ӘҚК Парашютпен даярлық орталығының бастығы майор Леонид Дудкин.

Парашютпен секірулер орташа 800-ден 3 000 метр дейінгі биіктікте, құралды басқару техникасын пысықтау үшін, парашюттің ашылуын кідірте 4 кг аса контейнермен, 5 м/с асатын желге дайындалмаған алаңға өз есебі бойынша дәлдікке қону арқылы орындалады. Естеріңізге сала кетейік, Парашют даярлығы орталығы халықаралық танымал арена, онда көбінесе Орталық Азия аймағындағы барлық ірі жарыстар өтеді.

18 жыл ішінде топтың спортшылары халықаралық жарыстарда барлығы 350 медаль, оның ішінде 83 алтын медальды иеленді. Команда Азия мен Мұхитаралық түрлі парашют спортынан бірнеше мәрте чемпион атанды. Жаттықтырушы ұжым халықаралық сыныптағы 18 спорт шеберін даярлап шығарды.

 

Барлық жаңалықтар