• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі Грузиядағы іскерлік форумда таныстырылды

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі Грузиядағы іскерлік форумда таныстырылды

21 Мамыр, 2015 15:03
Тблиси қаласында (Грузия) 2015 жылғы 14-15 мамырда Еуропалық қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) Жыл сайынғы Басқарушылар кеңесінің 24-отырысы өтті.Қазақстандық делегацияны ЕҚДБ-да Қазақстан Республикасының атынан Басқарушы, ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов басқарды, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Отырысының барысында Банктің операциялық қызметі, оның ішінде ЕҚДБ-ның Орталық Азия өңіріндегі қызметі, қол жеткізген нәтижелері мен бұдан кейінгі ынтымақтастық перспективалары мәселелері қаралды.

Бұдан басқа, аталған отырыс шеңберінде Банк мемлекеттік құрылымдар үшін де, сол сияқты бизнес орта мен азаматтық қоғам үшін де бірқатар іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда, Жыл сайынғы отырыстың негізгі іс-шараларының бірі Іскерлік форумы болып табылады. Биылғы жылы бұл Форум «Өтпелі кезең қызметіндегі инвестициялар» деген ұранмен өтті.

«Форумның бір секциясы Қазақстанға арналды: «Қазақстанның шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы: ағымдағы ахуал» деген тақырыпта өтті», - делінген хабарламада.

Қазақстанның секциясы жыл сайын үлкен қызығушылық тудырады және ЕҚДБ-ға мүше-мемлекеттердің тарапынан да, сол сияқты институционалдық инвесторлардың, шетелдік банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарының тарапынан да айтарлықтай қатысушылар саның тартады.

Секцияда спикерлер ретінде Қазақстанның Қаржы министрі, Қазақстан Даму Банкінің және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басшыларлы, сондай-ақ «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі» АҚ-ның Басқарушы директоры сөз сөйледі.Қазақстанның делегациясы ЕҚДБ Президенті Сэр С. Чакрабартимен,Мысыр және Грузия делецияларымен, Citi Group, HSBC Bank Plc сияқты шетелдік банктермен және Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Барлық жаңалықтар