- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Жібектей есілмеген жол» атты кітаптың тұсауы кесілді
Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Жібектей есілмеген жол» атты кітаптың тұсауы кесілді
ҚР РФ елшіліктері өклдерінің хабарлауынша, кітап «Әлемдік көшбасшылар» атты тақырыптық серияның ашылымы болып табылады және ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған.
Кітап авторы осы туындының жолында 15 жылдан астам уақыт ізденген, ол Қазақстанды түгелдей аралап шығып, Елбасының балалық шағы мен жастығы өткен аймақтарды аралап, Президенттің жақындарымен, көмекшілерімен, қолдаушыларымен кездескен, ол тіпті Президенттің өзімен де бірнеше мәрте жүздескен. Көпжылдық еңбектің нәтижесі – Н.Назарбаев толассыз жасампаз күштің, ер азаматқа тән ерекше қасиеттің, өте сирек кездесетін стратегиялық көрегендіктің иесі. Таныстырылым барысында Мемлекет басшысы туралы тап осындай көзқарас білдірілді.
«Кеңес Одағы ыдыраған тарих толқынында Нұрсұлтан Назарбаев елінің тағдырына деген жауапкершілікті өз мойнына алды, жан-жақты ойластырылған стратегияны ұсынып, өз кезегінде ол Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруына, тиімді экономика өзегін қалыптастыруға негіз болды»,-деді РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров шараның ашылу барысында сөйлеген сөзінде.
Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев өз елін өте қиын кезеңдерден дін аман алып шықты, бүгінде ол мемлекетті гүлдендіру үстінде.
Ресей саясаткерінің сөзінше, кітаптан Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы туралы және осы жолдың жібек іспеттес болмағанын білуге болады.
Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Марат Тәжин кітапқа өзінің талдауларын жасай отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылығының өзіндік «антологиясын» жасады.
«Алғашқы, яғни Кеңес Одағы құлаған кезде Президент жаңа тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастырушы болды. Екінші, 1990 және 2000 жылдар аралығы Қазақстан үшін ең радикалды өзгерістер жылы болды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жерде нағыз жаңғыртушы ретінде жаңа экономиканы, жаңа саяси жүйені қалыптастырып, Қазақстан халықаралық деңгейде танымал, экономикалық жағынан тартымды бола бастады»,-деді елші.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қорының директоры Қанат Саудабаев кітапты шығарушылар мен РФ СІМ-не осы шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. «Назарбаев туралы осы уақытқа дейін аз жазылған жоқ, алайда, «Жібектей есілмеген жол» кітабы өзінің шынайлығымен, тарихи дәлелдерімен және қарапайым ғана қойшының баласынан әлемдік деңгейдегі Көшбасшыға айналған Нұрсұлтан Назарбаевтың жүріп өткен қиын-қыстау жолдарын ерекше дәлдікпен көрсете білуімен ерекшеленеді»,-деді Қ.Саудабаев.
Кітаптың таныстырылымына көптеген танымал саясаткерлер мен кәсіпкерлер, әдебиет пен өнер қайраткерлері, дипломаттар, ғылыми және академиялық орта өкілдері қатысты.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы