- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда VIII Астана экономикалық форумы жұмысын бастады
Қазақстанда VIII Астана экономикалық форумы жұмысын бастады
21-22 мамыр аралығында екі күн бойына 30 іс-шара өткізу жоспарланған.
Қаланы 2030 жылға дейінгі дамытудың 3D-симуляторының таныстырылымы болады. Форумда әлемдік экономиканың болашағы, мұнай бағасының құлдырауы жағдайында қолға алынуы тиіс шаралар мен тұрақты өсім мәселелері сөз болады. Сондай-ақ жиындағы маңызды шаралардың бірі елімізге жаңа ауқымды инвестициялар тартуға бағытталған инвестициялық форум болмақ.
Айта кететін мәселе, Астана экономикалық форумында жылда ірі келісім-шарттар мен келісімдер жасалады. Биылғы, 2015 жылғы форумда да инвесторларды тарту үшін көптеген ұсыныстар мен кешенді шаралар қарастырылған.
Форум жұмысына әйгілі саясаткерлер, қазіргі және бұрынғы мемлекет пен үкімет басшылары, ірі қаржылық даму ұйымдары мен трансұлттық компаниялардың жетекшілері қатысады деп күтілуде. Астана экономикалық форумы – Қазақстан астанасындағы халықаралық және аймақтық пікірталас платформасы болып табылады. Ол жыл сайын ұйымдастырылады.
Жалпы алғанда, Астана экономикалық форумы кәсіпорындардың атқарушы директорларын, саясаткерлерді, журналистер мен ғалым, Нобель сыйлығының лауреаттарын қоса алғанда, мемлекеттердің делегацияларынан 10 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Астана экономикалық форумы әлемдегі халықаралық форумдардың ішіндегі ең ірілерінің бірі.
Индира Кауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті