- Басты
- Жаңалықтар
- Түркияда Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған конференция өтті
Түркияда Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған конференция өтті
Іс-шараға 200-ден астам адам, оның ішінде қоғамдық-саяси қайраткерлер, жергілікті әкімшілігінің, академиялық және сарапшы топтардың, сондай-ақ Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Қазақстанның Елшісі Жансейіт Түймебаев қатысушыларды Қазақ хандығының қалыптасу тарихы туралы хабардар етті. Мерейтойлы жылдың халықтың тарихи ұғымының қалыптамуына ерекше әсер ететінін атап кетті. Биылғы жыл Қазақстан мен түркі әлемі зиялыларының ағартушылық қызметінде де өзінің ерекше орнын таппақ.
Конференция жұмысына Түркия тарихы қоғамының президенті профессор Рефик Тұран, Түркия жазушылары мен өнертанушылары қорының төрағасы Яхия Акенгін, Түркі әлемі архитекторлары мен инженерлері одағының Бас хатшысыИльяс Демирджи, ТР-ның бұрынғы Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек және т.б. қатысты.
Конференция барысында Қазақ хандығы қалыптасуының тарихи кезеңдері жеке атап өтілді. Қазақ даласы хандарының басқару ерекшеліктері, жаулап алу әрекеттерінің мәні, сол заманның дәстүрлері мен мәдениеті туралы пікірлер айтылды.
Түрік сарапшылары осындай оқиғаның мемлекеттік деңгейде атап өтілуі ел болашағының жаңа дүниетанымдық моделінің қалыптасуына және басты құндылықтар мен бағдарларды айқындауда түрткі болатынын мәлімдеді. Бұл шара ұлттың мәдени кодын – тілін, руханиятын, салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтап қалуға бейімделген болып табылады.
Конференция қатысушылары қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму тарихын дәріптеудің маңыздылығын сезініп, Қазақстан тарихындағы атақты тұлғалардың рухани үлесімен танысу мүмкіндігін алды деп атап өтті.
Шара шеңберінде Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған бейнеролик көрсетіліп, Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму тарихы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығы тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды