Қ.Тоқаев: Қазақстан -Ресейдің сенімді стратегиялық әріптесі (Фото)

20 Мамыр, 2015 19:32
Қазақстан Ресейдің сенімді стратегиялық әріптесі, деді Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің отырысында.

Сенат Төрағасы екі елдің үкіметтері мен парламенттерінің күш-жігері аясында екіжақты қатынастардың ауқымды келісімдік-құқықтық негізі жасалғанын, 170-тен астам шарттарға қол қойылғанын атап өтті. «Қазақстан – Ресейдің сенімді стратегиялық әріптесі. Көріп отырғанымыздай, Мемлекет басшылары жүйелі түрде келіссөздер жүргізеді, тек өткен жылы біздің Президенттеріміз 10 мәрте кездесті. Бұл өзара сенім мен құрметті нығайтуға ықпал ететіні күмәнсіз, онсыз ауқымды ынтымақтастық мүмкін емес», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Экономика саласындағы ынтымақтастық туралы айтқанда, Сенат Төрағасы Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы өзара іс-қимылды дамытуды басым бағыттар ретінде атап өтті. «Бұл ықпалдастық бірлестіктер біздің мемлекеттерімізді олардың одақтастық мәртебесіне тең ынтымақтастықтың қағидалық тұрғысындағы жаңа сатысына шығарады, деп хабарлады Сенат.

ЕАЭО-ның келешегі зор, оған  әлемнің 40-тан астам елдерінің еркін сауда аймағын құруға ықылас танытуы дәлел болып отыр. Қазақстан Президентінің пікірінше, ЕАЭО-ның құрылуы – қазіргі замандағы жаһандық қатерлерге, оның ішінде әлемдік экономикалық дағдарыс қаупіне лайықты жауап болады», - деді Қазақстан Парламенті жоғарғы Палатасының басшысы.

Сенат Төрағасы «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыру барысы туралы айта келіп, үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығымен қосылуы оның маңызды ерекшелігі екенін атап өтті, сондай-ақ кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды; индустрияландыру және экономиканы әртараптандыруды; халықтың бірыңғай болашағын қалыптастыруды; мөлдірлік және халыққа есеп беретін мемелекет болуды көздейтін бес институттық реформаға ресейлік әріптестердің назарын аударды.

«Институттық реформалар бағдарламасын іске асыру үшін Президент «Мемлекет құрылысындағы бұдан былайғы 100 нақты қадам» іс-қимыл жоспарын ұсынды, бұл шын мәнінде Ұлт жоспары. Мемлекетті жаңғырту жөніндегі арнайы Ұлттық комиссия құрылды, оған Қазақстан Парламентінің өкілдері де енген. Осы бағдарламалық құжаттардың бәрін  іске асыру Қазақстан мемлекеттілігін нығайту үшін жағдай жасайды, біздің елімізге әлемнің дамыған елдерімен бір қатарға тұруына мүмкіндік береді. Бұл біздің стратегиялық мақсатымыз», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Федерация Кеңесінің Төрағасы В.Матвиенко мазмұнды сөзіне орай Қ.Тоқаевқа алғыс айтып, Сенат Төрағасына «Совет Федерации. 20 лет» мерейтойлық медалін табыс етті.

 

Барлық жаңалықтар