- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ынтымақтастық туралы меморандумға отырды
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ынтымақтастық туралы меморандумға отырды
Ұлттық комиссия төрайымы аталған Меморандумға қол қою Қазақстан үшін елеулі оқиға екенін, себебі ел халқының 52 пайызын әйелдер құрайтынын атап өтті. Осыған орай, қазақстандық әйелдердің орасан зор әлеуетін, сондай-ақ отандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды, халықаралық әйелдер ұйымдарын жан-жақты іске қосу Ұлттық комиссияның басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы тарапынан «ЭКСПО-2017» көрмесін дайындау және өткізу кезінде отандық экономиканың, әсіресе шағын және орта бизнестің ресурстарын барынша пайдалану жөнінде тапсырма берілгеніне назар аударды.
Атап айтқанда, Ұлттық комиссия жасыл технологияларды пайдалану арқылы пилоттық жобаларды іске асыру, инновациялық энергия жинақтаушы технологиялармен айналысатын әйелдер қоғамдастығын «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға тарту жұмыстарын жандандырып отыр.
Соңында Мемлекеттік хатшы Меморандум жасыл экономиканы, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді