- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев ҚТЖ басшысына Астанадан шұғыла тәрізді тарайтын автокөлік жолдарын салу және қалпына келтіру жұмыстарын қадағалауды тапсырды
Н.Назарбаев ҚТЖ басшысына Астанадан шұғыла тәрізді тарайтын автокөлік жолдарын салу және қалпына келтіру жұмыстарын қадағалауды тапсырды
А.Мамин Мемлекет басшысына компанияның қазіргі қызметі, оның еншілес кәсіпорындарының тиімділігін арттыру шаралары, негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.
Қазақстан Президенті елімізде іске асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасының маңыздылығына, оның аясында ауқымды жұмыстар жоспарланғанына тоқталды.
«Астанадан шұғыла тәрізді тарайтын автокөлік жолдарын салу және қалпына келтіру мәселесін тұрақты бақылауда ұстау қажет. Бұл жұмыстар өндірушілерді техника мен құрылыс материалдарын жеткізу жөніндегі тапсырыстармен қамтамасыз ете отырып, мультипликативті әсерге ие болмақ. Бұл экономика үшін қиын уақытта оны дамытудың драйверіне айналады. Біздің еліміз Жібек жолының «экономикалық белдеуіне» кіретіндіктен, Қытай Халық Республикасы да қолдау көрсететін болады», – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы Астанада халықаралық қаржы орталығын құру ісі де көлік-логистика саласын дамыту жұмыстарын жүргізуді қажет ететінін айтты.
«Елорданы Дубай, Франкфурт, Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарымен байланыстыру қажет. Азаматтық авиация саласында осыған дайындалып, жаңа бағыттарды игерген жөн. Сонымен қатар біз ішкі рейстерді кеңейту үшін авиакомпаниялар құруға тиіспіз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақстан темір жолы» АҚ президенті «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа теміржол, автомобиль магистральдарын салу, теңіз порттары мен әуежайлардың инфрақұрылымын қайта жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды. Соның ішінде ол Инфрақұрылымдық даму жоспарында межеленген бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтты. Батыс өңірдің көлік жүйесін дамыту мақсатында Ақтау теңіз портын кеңейтуге мүмкіндік беретін үш жаңа жүк терминалы салынды. Боржақты – Ерсай теміржол желісі салынып жатыр.
А.Мамин Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті күш-жігер жұмсалып жатқанын атап өтті. Сол үшін елдің ішінде және шетелде логистикалық инфрақұрылым салу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Қытай – Қазақстан – Еуропа бағытында контейнерлік тасымал соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 15 есеге өседі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Үндістанға транзиттік тасымал ұйымдастыру мәселесі де пысықталуда.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы