ҚР-да 2013 жылдың 6 айы бойынша ауыл кәсіпкерлері 5 мың микронесие алды

13 Қазан, 2013 12:52
2013 жылдың мамыр айынан бастап Ауыл шаруашылық қызметін қаржыландыруды қолдау қоры «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыруға қатысуда. 6 ай ішінде кәсіпкерлер 5 мыңнан артық микронесие алды, деп «Ауылдық шаруашылыққа қаржылық көмек көрсету қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталмыш бағыттың мақсаты кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Бүгінгі таңда республикада 10 млрд теңгені құрайтын 5 мың ауылдық жоба жүзеге асырылды», - деп хабарламада нақтыланған.

Оған қоса, шағын несиелерді жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар, мектеп түлектері, балалар үйінің тәрбиеленушілері ала алады.

54 айлық несие өзіндік істі жүзеге асыру үшін беріледі. Бір қарызгерге ең жоғары көлемде 3 млн теңге беріледі, ол жылына 6 пайыздық көрсеткішпен қайтарылады.

Мәселен, «Халықов Е.Ж» шару қожалығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2,9 млн теңге алып, сүт беретін мал басын алды.

«Қор «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша 10 млрд 97 млн теңгені 4 997 кәсіпкердің ұсынысына бөлді. Тұқымды сүт жануарын алу үшін жеңілдік несие мен мемлекеттік субсидияға ие болуға мүмкіндік бар», - деп «Ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсету қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар