- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада шыны зауытының салынуы 200 адамды жұмыспен қамтиды (ФОТО)
Қызылордада шыны зауытының салынуы 200 адамды жұмыспен қамтиды (ФОТО)
Қызылорда қаласында көптен күткен шыны шығару және өңдеу зауытының қазығы қағылып, құрылысы басталды. Бұл өндіріс Қызылорда қаласы, Титов мөлтек ауданында орналасқан индустриялдық аймақта бой көтереді. Шыны өндірісіне қажетті шикізаттың 95 пайызы жергілікті жерден. Яғни, Арал ауданының кварц құмы, доламит пен әк тасы пайдаланылады. Тек сырттан келетін кальцийлендірілген сода шикізатын болашақта «Аралтұз» АҚ-мен біріге отырып өңірімізде өндіру жоспарлануда.
Жобаның жалпы құны 52,1 миллиард теңге. Қаржының 80 пайызын «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ бөлсе, қалған 20 пайызын «Steward Engineers» АҚШ компаниясы инвестор ретінде қаржыландырмақ. Ал құрылыс жұмыстарын «Orda Glass Ltd» ЖШС-гі жүргізетін болады.
«Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақтан аталған зауытқа арнап 50 гектар жер бөлінді. Бюджет есебінен негізгі инженерлік инфрақұрылымдар тартылды және жобаны жүзеге асыруға биылғы жылы 1,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Құрылыс алаңын тегістеу, қоршау жұмыстары аяқталды. Бүгінде бұл жердің инженерлік инфрақұрылымы толықтай шешілген. Яғни, су, телефон, газ, кәріз желілері тартылып, тас жол төселді», - деді облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев.
Құрылысшылар зауыт қоймасының іргетасын құю жұмыстарын бастады. Қойманың ұзындығы 300 метр, ені 150 метр. Қазіргі таңда 11 техника жұмылдырылып, 30-дан астам адам еңбек етіп жатыр. Құрылыс жұмысы ұлғайған кезде 200 адам жұмыс жасайтын болады. Ал зауыт толық іске қосылғанда тұрақты 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Зауыт 2017 жылдың қазан айында іске қосылатын болады.
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
Жұмыспен қамту шаралары қалай жүзеге асып жатыр -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: нәтижелер, мемлекеттік гранттар, микрокредиттер -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Covid-19: «Спутник V» әсері, желідегі ақпараттар, вирус тасымалдаушыны анықтайтын мобильді қосымша -
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды