• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тәжікстанда өткен ҚКХК мәжілісінде халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды

Тәжікстанда өткен ҚКХК мәжілісінде халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды

20 Мамыр, 2015 16:42
ҰҚШҰ ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының комитетінің (ҚКХК) кезекті мәжілісі Тәжікстанның Соғды облысының орталығы Худжант қаласында биылғы жылдың 20-мамырында өтті.

Аталмыш шараға қатысқан қазақстандық делегацияны Президент Кеңесшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев бастап барды.

Халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті деген мәселелері мен ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің қауіп-қатерлермен күрес шаралары туралы баяндаманы ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжа жасады.   

«ҚКХК жұмысы барысында тараптар Ауғанстандағы жағдайдың ықпалы мен ҰҚШҰ жауапкершілік аумағы, террористік ұйымдардың адамдарды өз қатарына тартумен күрес шаралары, сондай-ақ ҰҚШҰ базалық оқу орындары мен ұйымдарына, полигондарына қатысты мәселелер талқыланды»,-делінген хабарламада.   

Жедел шара қолдану ұжымдық күштерінің тиісті міндеттерді орындау бойынша кенеттен тексеру жұмыстары қорытындыланды.  

Бұған дейін ҰҚШҰ-на кіретін қазақстандық әскери контингентті Әуе қорғанысы күштерінің әскери-көлік авиациясы тәжікстандық «Харбмайдон» полигонына кіргізген болатын. Осыған байланысты жүргізілген тексерулер барысында біздің әскери қызметшілер жоғары деңгейдегі дайындық пен әскери өнерге деген шеберліктерін көрсетті.   

Мәжіліске Қазақстанның Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Ағыбай Смағұлов қатысты. ҚКХК мәжілісі аясында Н.Ермекбаев Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения елдерінен келген әріптестерімен кездесті.  

 

 

  

Барлық жаңалықтар