- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
ҚР Мемлекеттік хатшысы бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Г.Әбдіқалықова Мексика, Венесуэла, Конго Республикасы, Корея Халықтық Демократиялық Республикасы, Судан Республикасы және Эль-Сальвадор Республикасының Қазақстандағы елшілері қызметін қоса атқаратын Төтенше және Өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Мемлекеттік хатшы Мексика, Венесуэла, Конго және КХДР-дың уәкілетті өкілдерін «ЭКСПО 2017» көрмесін өткізу құқығын алу барысында Астананың кандидатурасына қолдау көрсеткендері үшін, сондай-ақ Мексика, Венесуэла, Сальвадор және КХДР елшілеріне 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағандары үшін алғысын білдірді.
Гүлшара Әбдіқалықова Мексика елшісі Марта Елена Барсенамен әңгіме барысында Мексика Қазақстанның Латын Америкасындағы Бразилиядан кейінгі ірі сауда серіктесі екенін атап көрсетті. Қазақстан мен Мексика арасындағы 2014 жылғы тауар айналымы 120,8 млн. АҚШ долларын құрады. Мемлекеттік хатшы Қазақстанда ашылуы 2015 жылға жоспарланып отырған Мексиканың елшілігі арқылы тікелей дипломатиялық қарым-қатынас орнату еларалық байланыстарды саяси және экономикалық қана емес, әлеуметтік-гуманитарлық салаларда да тереңдетуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
Екіжақты кездесу барысында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытудың жай-күйі мен келешегі талқыланды. Г.Әбдіқалықова атап көрсеткендей, жаһандану жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамыту біздің мемлекеттеріміздің ұлттық мүдделеріне сай келеді. Осыған орай, дипломатияның табыстылығын өзара іс-қимылдың деңгейі айқындайды.
Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделілік танытты. Олардың қатарында, қаржы, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы, азық-түлік өнімдері өндірісіндегі, баламалы энергетикадағы және басқа да салалардағы ынтымақтастықтар бар.
Мемлекеттік хатшы аталған мемлекеттердің төтенше және өкілетті елшілерінің қызметтері біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық әлеуетін арттыруға ықпал етеді деп үміттенетінін айтты.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары