• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында салалық бағдарламаның кемшіліктері ескеріледі (Фото)

2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында салалық бағдарламаның кемшіліктері ескеріледі (Фото)

20 Мамыр, 2015 15:18
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салалық бағдарламасын іске асыруда анықталған кемшіліктерді де ескеруге тиіспіз, деді РЖҚІҚК төрағасы Қайырбек Сүлейменов СЖҚІБ кКеңес отырысында.

"Республикалық қоғамдық кеңес жұмысындағы жүйелі тәсіл, біздің еліміздің барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы белгілі бір материалдарды жинауымызға мүмкіндік берді және біз оны пайдалануды жөн көрдік. Таяуда қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мен «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы он жылға бағытталған. Осы құжатпен жұмыс істеу барысында біз тек оң тәжірибелерді ғана елемей, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салалық бағдарламасын іске асыруда анықталған кемшіліктерді де ескеруге тиіспіз», - деп атап өтті РЖҚІҚК төрағасы Қайырбек Сүлейменов, Кеңес отырысында сөйлеген сөзінде.

Талқылау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған қаулы қабылданды. Министрліктерге, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және барлық деңгейдегі әкімдіктерге бірқатар нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, отырыс барысында 2011 - 2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру қорытындысы жасалды. 

«Нұр Отан» партиясы хабарлағандай, РЖҚІҚК мәліметі бойынша, Бағдарламаны іске асырған кезде жекелеген ұйымдастырудың жетіспеуі салдарынан онда белгіленген шаралардың орындалу тиімділігін толық көлемде қамтамасыз ету мүмкін болмаған. Мемлекеттік органдар қабылдаған шараларға қарамастан, Бағдарламаны іске асыру елдегі тамыр жайған сыбайлас жемқорлықты түбірімен өзгертуге мүмкіндік бермеді.

Атап айтсақ, РЖҚІҚК мәліметі бойынша, 2011-2013 ж.ж. ең көп сыбайлас жемқорлықтар саны әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімдерінде байқалып отыр. Екінші орында –ІІМ, үшіншіде – Ауыл шаруашылық министрлігі. Сыбайлас жемқорлықтардың айтарлықтай көп бөлігі салық және кеден органдарында, Қорғаныс пен шекара қызметінде жасалады. Өңірлер тілігіндегі жемқорлық қылмысының көбісі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларында байқалады.

РЖҚІҚК  отырысында сөз сөйлеген Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаров сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын ұйымдастыруда қағидатты тұрғыдағы жаңа тәсілдерді белгіледі, олар 2015 – 2025 жылдарға арналған ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын жүзеге асырудағы  іс-шаралар жоспарында көрініс тапты. 


 

 

Барлық жаңалықтар