• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 56 жаңа қызмет электрондық үлгіге көшіріледі – Қайрат Қожамжаров

Қазақстанда 56 жаңа қызмет электрондық үлгіге көшіріледі – Қайрат Қожамжаров

20 Мамыр, 2015 12:46
Қазақстанда 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру шеңберінде 56 жаңа қызмет электрондық үлгіге көшіріледі, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ҚР Агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы барысында.

«2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде жемқорлықтың алдын-алудың жаңа механизмдері іске асырылады – табысты сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің ірі шығындарын мағұлымдау институты,  мүдделер қақтығысы мен іс-қимылы бойынша оларға рұқсат ету мен болдырмаудың осы типтегі жағдайлардың тізімі дайындалады. Сонымен бірге тағы да 56 жаңа қызмет электрондық үлгіге көшіріледі. Салықтық және кедендік басқаруды жетілдіру жоспарлануда», - деді Қайрат Қожамжаров.

Стратегия алдағы он жылдықтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты белгілейді және «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында көрініс тапқан Үкіметтің басымдықтарымен және іс-шараларымен тығыз байланысты.

«Өз кезегінде 2011-2015 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың салалық бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру тәсілін өзгертуге мүмкіндік берді. Алдыңғы бағдарламаларда жемқорлыққа қарсы тәжірибеде жүйелі тәсіл қалыптастыру сипаты болмады. Олар меморгандардың жемқорлықтың зардабымен күресіне бағдарланды. Тәжірибе жүзінде көбісі жемқорлық төмен жағдайында зерттеліп, тиесілі әсері болған жоқ», - деді салалық агенттік  басшысы.  

Жалпы, аталған бағдарламаны іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзара байланысты шаралар кешенін дайындауға мүмкіндік берді.

«Олардың ішінен меморгандардың автоматтандырылған арқауының дамуын, олардың үндестігін, лицензиялау қызметі  түрлері мен меморгандардың рұқсат ету функцияларының қысқаруын, мемлекеттік сатып алу үдерістері ашықтығының артуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өңірлік комиссиялардың құрамына азаматтық қоғам институты өкілдерінің енуін атап өтуге болады. Бағдарламаны орындау барысында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына түзетулер қажеттілігі анықталды», -деп толықтырды ол. 

Еске сала кетейік, Астанада «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша Республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Өткен жылдың қарашасында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында Мемлекет басшысының төрағалық етуімен 2015-2025 жылдарға арналған «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданды.  Кейін Бағдарламаны іске асырудың кәсіби механизмі ретінде Жемқорлыққа қарсы жол картасы әзірленді және қабылданды. Желтоқсанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын бекітті, оны орындау мақсатымен Үкімет 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдады. 


 

Барлық жаңалықтар