• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Soyle.kz» қазақстандықтарға мемлекеттік тілді бір айдың ішінде меңгеруге көмектеседі

«Soyle.kz» қазақстандықтарға мемлекеттік тілді бір айдың ішінде меңгеруге көмектеседі

20 Мамыр, 2015 12:24
Қазақстандықтар «Soyle.kz» көмегімен қазақтың ауызекі сөйлеу тілін бір айдың ішінде тегін үйрене алады, деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Меніңше, біздің отандастырымыз біршама жалқаулау, егер бір сабаққа күнінен жарты сағат уақыт бөлетін болса, менің ойымша, бір айдың ішінде ауызекі сөлеуді түсініп, тіпті сөйлеуді де үйренуге болады. Біз өзіміздің порталымызды жетілдіру үшін тестілеу әдісін дайындап, дамыттық. Енді, ондағы арнайы қызметтеің көмегімен қателерді тауып, дұрыс жауаптарды білуге болады. Біз әлеуметтік желілер арқылы қосылуға болатын тетістерді іске, қостық.  Қосымша порталды пайдаланушылар бір-бірімен хабарласып отыруға мүмкіндік алулары үшін онлайн чат дайындап іске қостық»,-деді А.Шәуеев.    

Бүтіндей алғанда, интернет портал көптеген пайдалы ақпараттарға толы, яғни ол жерден жаңа сөздердің аударламалы, сөздік қорын кеңейту үшін қажетті сөздік кәртішкелері, стандартты ойлар, күнделікті сөздерден тұратын дайын нұсқаулықтар, ситуациялық диалогтар, аудио, бейнематериалдар, интерактивті жаттығулар, сұрау салу материалдарды және өзге де көптеген әдістер бар.     

А.Шәуеевтің айтуынша, қазіргі таңда «Soyle.kz» әлеуметтік желісінің топтарында қазақ тілін 10 мыңға жуық адам үйренуде, ат ұтқыр байланысты бойынша 5 мың адам пайдалануда.   

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар