• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тәжікстанның оқу-жаттығу полигонында қазақстандық әскери қызметшілер үздік даярлық көрсетті (Фото)

Тәжікстанның оқу-жаттығу полигонында қазақстандық әскери қызметшілер үздік даярлық көрсетті (Фото)

20 Мамыр, 2015 19:16
«Харбмайдон» (Тәжікстан Республикасы) оқу-жаттығу полигонындаҰҚШҰ Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерін қауырт тексеру аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қазақстан Республикасының әскери контигенті ҰҚШҰ құрамына кіретін мемлекеттердің бөлімшелерімен бірлесіп Тәжікстан Республикасының аумағына басып кірген заңсыз қарулы құралымды жою мәселесін пысықтады.

 Аталған ҰҚШҰ басшылығы қазақстандық әскери қызметшілердің жабдықталуын, алыс жердегі келгенкездегі ұтқырлығын, мақсаттар бойынша міндеттерді орындауға даярлық деңгейін жоғары деп бағалады. Естеріңізге сала кетсек, 12 мамыр күні Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерініңқазақстандық контингенті тосыннан дабыл бойынша көтеріліп, тәжік-ауған шекарасына жөнелтілді.

Жедел іс-қимыл ұжымдық күштері әскерлерінің іс жүзіндегі іс-қимылы барысында біздің десантшылар және армияның арнайы мақсаттағы жауынгерлері кері шегінген жауынгерлерді жою бойынша міндеттерді пысықтап, ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК Су-27 ұшағымен басқарылатын әуе бомбаларын қолдану арқылы соққы берді.

2015 жылдың 19-20 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері тұрақты орналасуорнына қайтады. Біздің контигентті қайта топтауды Қазақстанның ӘӘК әскери-көліктік авиация – Ан-12, Ан-72, С-295 ұшақтары қамтамасыз етеді.
 

 

 

Барлық жаңалықтар