• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Soyle.kz» порталының тұрақты пайдаланушылар саны бір жылда 23 мың адамнан асты

«Soyle.kz» порталының тұрақты пайдаланушылар саны бір жылда 23 мың адамнан асты

20 Мамыр, 2015 11:57
«Soyle.kz» порталының қызмет көрсету бір жылының ішінде бүкіл әлемнің 350 мыңнан астам қолданушысы пайдаланған, ал сайтта 23 мыңнан астам адам оқуда, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы қорының атқарушы директоры Әділбек Мұсаев ОКҚ-да хабарлады.

«Өткен кезеңде «Soyle.kz» мобильді қосымшасын 20 мыңнан астам адам тұрақты түрде пайдаланып келеді, сонымен қатар 350 мыңнан астам адам аталмыш порталдың мүмкіндіктерін пайдаланды»,- деді Ә. Мұсабаев.

Осы ретте, Мұсабаев атап өткендей, ағымдағы жылы бірнеше айдың ішінде тілдерді дамыту және Қазақстан жастарын рухани тұрғыда дамыту бойынша зәкірлі жоба таныстырылатын болады.

Атап өткендей, Soyle.kz – бұл алғашқы қазақ тілін үйрену бойынша тегін  курс, ол 2013 жылы жетоқсан айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samsung Electronics» компаниясының қолдауымен ашылған. 

Индира Кауметова         

Барлық жаңалықтар