• Басты
  • Шығыс Қазақстанда 38 үздік спортшы облыс әкімінің атаулы стипендиясына ие болды

Шығыс Қазақстанда 38 үздік спортшы облыс әкімінің атаулы стипендиясына ие болды

20 Мамыр, 2015 15:34
Өскемен қаласының Металлургтер Мәдениет сарайында әр түрлі спорт түрлері бойынша халықаралық сайыстарда ҚР командасының ұлттық құрамында табысты өнер көрсеткені үшін 38 спортшы салтанатты түрде марапатталды. Бұл спортшылар облыс әкімі Даниал Ахметовтың атаулы стипендиясына ие болды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Өңірдің спорттық әлеуеті мен жетістіктері талқыланған жиында Даниал Ахметов халықаралық сайыстарда жеңімпаз атанған бірқатар спортшыларды 150 мыңнан 1 миллионға дейінгі сома аралығында атаулы стипендиямен марапаттады.

«Ең үздік спорттық алаңдар мен су бассеиндері біздің ең басты байлығымыз – балаларымызға беріліп отыр. Олар – болашақ чемпиондар. Біз солардың келешегі үшін өскемендік «Торпедоны» қайта жасақтадық. Хоккейімізді көтеру үшін Ресейден, Еуропадан, Солтүстік Америкадан жаттықтырушыларды шақырып, жаңа мұз алаңдарын салуымыз тиіс. Семейде 200 орындық тұрғын үй корпусының құрылысын аяқталған уақытта болашағынан үміт күттіретін балалар сонда орналастырылады. Пансионаттардың қасында жаңа технологиялармен жарақтандырылған заманауи оңалту орталықтары ашылуы керек», – деді Д.Ахметов.

Ай сайынғы стипендияға Олимпияда ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпакова, еркін күрестен Азия чемпионы Расул Қалиев, 2015 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Алексей Полтаранин, фристаил бойынша Әлемдік қысқы Универсиадының жеңімпазы Юлия Галышева ие болды.

Айта кету керек, бүгінгі күні ШҚО-да 88 спорт түрінен 3132 спорттық нысан жұмыс істейді.

Барлық жаңалықтар