• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президентінің Арнайы Елшісі Қ.Жақыпов Нидерланды Королдігінің Премьер-министрімен кездеседі

ҚР Президентінің Арнайы Елшісі Қ.Жақыпов Нидерланды Королдігінің Премьер-министрімен кездеседі

20 Мамыр, 2015 12:39
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған мәжілісмендер делегациясы бір күндік іссапармен Нидерланды Корольдығына келді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның кандидатурасын 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке ұсыну бойынша ҚР Президентінің Арнайы Елшісі ретінде Мәжіліс Спикері Нидерланды Корольдығының Премьер-Министрі М.Рюттемен кездеседі.

Сондай-ақ, Қ,Жақыповтың Нидерланды Парламент Сенатының Спикерімен және экономикалық қатынастар министрлігінің басшылығымен, сонымен қатар кәсіпкерлер-орталығының өкілдерімен жүздесуі де жоспарланған.

Мәжілісмендердің бағдарламасында «Қазақстанның Нидерландыдағы достары» саяси клубының мүшелерімен екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерінің талқылануы да бар.

 

 

Барлық жаңалықтар