• Басты
  • Жаңалықтар
  • Операторлар роумингтегі бағаны қысқарту есебінен кірісті 24 млрд теңгеге жеткізеді – ЕЭК

Операторлар роумингтегі бағаны қысқарту есебінен кірісті 24 млрд теңгеге жеткізеді – ЕЭК

20 Мамыр, 2015 11:03
Роумингтегі бағаның қысқару және тарифтердің азайып, трафиктің өсуі есебінен ұялы байланыс операторларының кірістері 79 миллиард теңгеге жетеді, соның ішінде қазақстандықтар үшін 24 миллиард теңге болады, деді ЕЭК алқасының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелері жөніндегі мүшесі Нұрлан Алдабергенов ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу мәселелеріне байланысты Астанада өткен мәжілісте.

«Ұялы байланыс нарығы өте жиі талқыланады. Қазіргі таңда төрт мемлекеттің арасында жұмыс тобы құрылып, құрамына Қазақстан өкілдері де кірді. Қазіргі таңда бұл мәселе талқылануда және жұмыстар да жүргізілуде. Соңғы съезд осының дәлелі. Бүгін біз роумингке деген бағаны біртіндеп қысқарту есебінен операторлардың тарифтерді төмендетіп, трафиктің өсуіне байланысты кірістердің 79 миллиард теңгеге ұлғаятындығын, соның ішінде қазақстандық операторлар үшін 24 миллиард теңге болатындығын талқыға саламыз»,-деді  Н.Алдабергенов.  

Оның сөзінше, Қазақстан мен Ресейдің траншекаралық аймақтарында 20 миллионға жуық адам тұрады, оның 5 миллионнан астамы Қазақстандікі. Роумингтегі тарифтердің азаюынан қазақстандық абоненттер 2,2 миллиард теңге үнемдейді.

«Біздің азаматтарымыз Ресейге жиі барады. Қазақстандықтар өз жерінде ұялы байланыс арқылы 1 минут сөйлесу үшін 7 теңге төлейді, ал Ресей аймағына өткенде олар 20 есеге көп, яғни 150 теңге төлеулері қажет болады. ЕЭК зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, үш мемлекеттің тұтынушылары тарифтердің төмендеуінен 5,5 миллиард теңге, ал қазақстандықтар 2,2 миллион теңге үнемдейді»,-деп қорытты ол.

 Анар Тәңірқұлова

 

 

 

Барлық жаңалықтар