• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Тоқаев: Қазақстан әлемдік орындар жүйесінде гүлденген, тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты

Қ. Тоқаев: Қазақстан әлемдік орындар жүйесінде гүлденген, тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты

20 Мамыр, 2015 14:32
Сенат Төрағасы, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық Академиясының құрметті Докторы осы оқу орнындағы профессорлық-оқытушылар құрамы мен тыңдаушыларына арнаған лекциясында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтағы негізгі бағыттары туралы әңгімеледі, деп хабарлады Сенат.

Қ.Тоқаев әлемдік орындар жүйесінде Қазақстан ТМД-дағы екінші экономикаға ие және орнықты саяси жүйесі бар табысты әрі тұрақты мемлекет ретінде орныққанын атап өтті. Қазақстан әлемнің 147 мемлекетімен белсенді түрде жемісті ынтымақтасып келеді.

 «Қазақстанның халықаралық іс-қимылы қауіпсіздікті, егемендікті және аумақтық тұтастықты, саяси тұрақтылықты және елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету және нығайтудағы ұлттық мүдделерге негізделеді», - деді Сенат Төрағасы.

«Қазақстан 24 жыл бойы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің игілігі жолындағы өзара сындарлы іс-қимылға серпін берді және бұл саясат жалғасатын болады», - деді ол. Қ.Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарына, «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі бағыттары мен «Нұр Отан» партиясының съезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев айтқан бес институттық реформаға аудиторияның назарын аударды.

Дипломатиялық Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы мен тыңдаушылары Қ.Тоқаевтың сөзін ықыласпен тыңдады. Сенат Төрағасы сауалдарға жауап берді және белгілі және беделді оқу орнының оқытушыларына Сенаттың Құрмет грамотасын табыс етті.

Барлық жаңалықтар