- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы «Музейдегі түн» шарасына 23 мың адам қатысты
Астанадағы «Музейдегі түн» шарасына 23 мың адам қатысты
Аталмыш акция 15 мамыр күні кәсіби би ұжымдары мен еріктілерден құралған 300 адамның флэшмобымен басталды. Онда Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы және еліміздегі музей ісінің өткені мен бүгіні театрландырылған қойылым арқылы сахналанды. Қойылым кезінде Қазақ хандығының тарихынан сыр шертіліп, «Мәңгілік ел» идеясы насихатталды.
Шара шеңберінде Ұлттық музейге Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасының нышаны – Тайқазан мен Жеңістің 70 жылдығына арнап «Қазақстан» телерадиокорпорациясы шығарған кітаптар топтамасы табыс етілді.
«Музейдегі түнге» жиналған жұрт алғашқы адам, сақ патшайымы, қазақ батырлары, сәукелелi қалыңдық сынды арнайы костюм киген кейiпкерлердiң қызыл кiлем үстiмен жүрiп өткенін тамашалады. Сонымен қатар Ұлттық музейдің аспанында алып қыран құстың қалықтағанына куә болып, Қазақстан картасы үлгісіндегі үлкен медиа-экраннан еліміздің жазиралы жазығы мен сайын даласына виртуалды саяхат жасады.
Акция аясында музейге келушілер «Қазақ батырлары» атты арнайы театрландырылған экскурсияға, әртүрлі тақырыптық көрмелерге куә болып, тарих пен мәдениетке қатысты викториналық ойындарға қатысты.
Сонымен қатар сала мамандарының дәрістерін тыңдап, жауһар жәдігерлер мен тарихи артефактілерге қатысты бейнероликтер мен деректі фильмдерді тамашалады.
Айта кетейік, 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні дүниежүзінде 1977 жылдан бері аталып өтіп келеді. Осы жылы Мәскеу мен Ленинград қалаларында өткен Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында халықаралық музей күнін атап өту жайлы ресми шешім қабылданған болатын. Ал «Музейдегі түн» шарасы алғаш рет 1997 жылы Германияда «Lange Nacht der Museen» («Музейдегі ең ұзақ түн») деген атпен ұйымдастырылды. 2001 жылы бұл идеяны Париждегі Лувр музейі қолдап, кейіннен ол әлемнің көптеген музейлерінде дәстүрлі түрде өткізіле бастады.
2014 жылғы 2 шілдеде Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Музейдегі түн» халықаралық акциясы биыл тұңғыш рет ұйымдастырылды және өте жоғары дәрежеде өтті.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді