- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев Федерация Кеңесінің төрағасы В.Матвиенкомен келіссөз өткізді (ФОТО)
Қ.Тоқаев Федерация Кеңесінің төрағасы В.Матвиенкомен келіссөз өткізді (ФОТО)
Сенат спикеррі атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы терең құқықтық өзара тиімді берік ынтымақтастыққа екі елбасшыларының ХХІ-ғасырдағы көршілік және одақтастық туралы келісімге қол қоюы және оны Парламенттердің ратификациялауы себеп болды.
«Н.Назарбаев пен В.Путин президенттері арасыдағы достық және сенімді қарым-қатынастар біздің стратегиялық және одақтастық серіктестігіміздің одан ары нығаюына серпін беруде», - деді Қ.Тоқаев.
Федерация Кеңесінің Төрағасы сайлаудағы айқын жеңісіне орай Президент Н.Назарбаевқа және Қазақстан халқына құттықтауын жеткізді. «Нұрсұлтан Әбішұлы – көрнекті мемлекет қайраткері. Оның президенттік сайлаудағы тамаша жеңісіне біз қатты қуандық», - деп атап өтті В.Матвиенко.
Қ.Тоқаев Қазақстанды дамудың жаңа сатысына шығаратын және әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына енуіне мүмкіндік беретін Ұлт жоспары – бес институттық реформа, «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағдарлама туралы әріптесін хабардар етті. Төраға бұл реформалар көрнекті реформатор Президент Н.Назарбаевтың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
Жүздесушілер екі ел Парламенттерінің жоғарғы Палаталары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, одақтастық қатынастарды нығайтуда Сенат пен Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның маңызды рөлін атап өтті. 12 мамырда Омбыда Комиссияның жетінші отырысы болды және онда шекаралық аймақтардағы ынтымақтастық, қазақ және орыс тілдерін оқытудағы өзекті мәселелер қаралды. «Біз қазақстандық сенаторлардың Омбыдағы белсенді жұмыстарына ризамыз. Сенат пен Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссия нақты және шынайы жұмыс істейді», - деді Федерация Кеңесінің Төрағасы.
Кездесу соңында Қ.Тоқаев пен В.Матвиенко ресейлік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан брифингте сөз сөйледі. Қазақстан мен Ресей Парламенттері жоғарғы Палаталарының Төрағалары журналистердің сауалдарына, атап айтқанда, ЕАЭО аясындағы ықпалдастық үдерістерін дамытудың келешегі туралы сұрақтарға жауап берді.
«Бұл шикізат, өнеркәсіп, ғылыми-техникалық әлеуеті бар 200 миллион адам тұратын аса маңызды маңызды аймақтық экономикалық ықпалдастық бірлестігі. Ол біздің экономикамызға белсенді дамуға, бәсекеге қабілетті болуға, біздің елдеріміздің халқы жақсы тұруы жолындағы күш-жігерімізді көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл ықпалдастық бірлестіктің бастамашысы Қазақстан Президенті, Ресейдегі біздің бәріміз құрмет тұтатын Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұл жоба шын мәніндегі және нақты мазмұнға ие болды» - деді В.Матвиенко.
«Еуразиялық экономикалық одақ – ол жаһандық ауқымдағы жаңа геоэкономикалық ақиқат. Одақ күллі әлемдік қоғамдастықтың назарын аударып отыр. Әлемнің 40-тан астам елдері ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құруға ықылас танытуда. Әлеуетіміз ауқымды, тек сол әлеуетті пайдалану үшін тек жұмыс істеу керек деп санаймыз», - деді Сенат Төрағасы.
-
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді -
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды -
ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Асқар Маминмен кездесіп, елдің экономикалық дамуы жайлы сөйлесті -
Президент Шорнақ пен Сәтбаевтағы жағдайға байланысты кеңес өткізді -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы: COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткілікті -
ҚР Кәсіподақтар федерациясы үндеу жариялады -
Мамин А. Мамин РФ үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті -
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды