- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Бас Прокуроры мен АҚШ Елшісі құқықтық саладағы ынтымақтастықты талқылады
ҚР Бас Прокуроры мен АҚШ Елшісі құқықтық саладағы ынтымақтастықты талқылады
Сұхбат барысында кең ауқымды екіжақты құқықтық ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа, киберқылмыстылыққа, терроризм және экстремизмге, есірткі сату, қылмыстық жолмен келген қаражаттың ізін жасыру мәселелері талқыланды.
Тараптар қол жеткізген өзара әрекеттесу деңгейіне қанағаттанушылық танытатындарын білдірді. А.Дауылбаев Қазақстанның Бас прокуратурасы қылмыстылыққа қарсы тұру, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді ұстап беру мәселелерін шешуде өзаралық қағидасын ұстанып, америкалық уәкілетті органдармен белсенді ынтымақтастық жүргізіліп отырғанын атап өтті. Осы орайда Асхат Дауылбаев қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы мемлекетаралық шартты ратификациялау жұмысының барысы жөнінде хабарлады.
Сонымен қатар Бас Прокурор Елшіні Қазақстанда Бас прокуратураның жанынан Құқық қорғау органдарының Академиясы құрылғандығы туралы хабардар етіп, АҚШ-тың Құқық қорғау органдары Академиясымен ынтымақтастық орнату жөнінде ұсыныс білдірді.
Осы жылдың маусым айында Астана қаласында өтетін зорлық экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша саммитті өткізу мәселелері әңгімелесудің жеке тақырыбы ретінде болды, бұл іс-шара ақпанда өткен Вашингтон Саммитінің жалғасы болып табылады.
Сұхбаттасушылар трансұлттық қылмыстылықпен күрес бойынша екіжақты қатынастарды жандандырудың қажеттілігін атап көрсетіп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері