Жамбыл облысының аудандық орман шаруашылықтары 12 автокөлікке ие болды

20 Мамыр, 2015 10:21
Жамбыл облысында аудандық орман шаруашылығының автопаркі «УА3» және «Chevrolet Niva» маркалы 12 көлікпен толықты.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, орман шаруашылығының қызметкерлеріне көлік кілтін аймақ басшысы Кәрім Көкрекбаев табыстады. «Соңғы жылдары материалды-техникалық базаны қолдау үшін 355 млн теңге бөлінді», - деді облыс басшысы.

Айта кетерлігі, облыста өңірдің жануар әлемі мен орманды қорғайтын 14 мемлекеттік мекеме жұмыс істейді. Осы жылы материалдық-техникалық базаны жақсарту үшін ұйымдарға  45 млн теңге бөлінді. 

Барлық жаңалықтар