- Басты
- Жаңалықтар
- «Достастық жауынгері» байқауына қатысу үшін ҚР ҚК әскери қызметшілерін іріктеу басталды (ФОТО)
«Достастық жауынгері» байқауына қатысу үшін ҚР ҚК әскери қызметшілерін іріктеу басталды (ФОТО)
Іріктеу кезеңі ағымдағы жылдың 18-20 мамыр аралығында, достас армиялар әскери қызметшілерінің арасындағы әскери-кәсіби шеберлікті анықтау мақсатында өткізіледі.
«Біздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесіміз!» атты ұранмен өтетін сайыс бірнеше әскери-кәсіби жарыстардан тұрады. Атап айтсақ, «Кәсіпқой» – сайысында байқауға қатысушының даярлығы, АРД кедергі жолағынан өтуімен, ал «Атлет» сайысы – дене даярлығы бойынша көрсеткіштерді тапсыруымен (бірыңғай кедергі жолағын игеру, белағашта біріктірілген күштік жаттығуларды игеру, 100 және 3000 метрге жүгіру, дәлдікке гранат лақтыру), «Мерген» оқ ату даярлығы – атыс жаттығуларын құрайды (қаруды қалыпты атыс жағдайына келтіру, 4 УКС және АК-3 спорттық жаттығуларды орындау), сондай-ақ әскери тарих туралы және «Эрудит» халықаралық гуманитарлық құқықтың тағлымдары мен нормалары туралы білімі бағаланады.
Ағымдағы жылдың маусым айында жарыстың жеңімпаздары ҚР Қарулы Күштерінің ауқымында өтетін байқауға қатысатын болады.
21750 әскери бөлімінің штаб-сержанты Руслан Жұбанышов осындай іс-шаралар әскери қызметшілердің жауынгерлік біліктілігін арттырып, дағдыларын дамытады, сондай-ақ кәсіби даярлау деңгейін жетілдіретінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, достас армиялар арасындағы әскери қызметшілердің әскери-кәсіби шеберлігін анықтайтын «Достастық жауынгері» халықаралық байқауы жыл сайын ТМД қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлер кеңесінің шешімі бойынша 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстандық әскери қызметшілер жыл сайын байқау барысында өздерінің жоғарғы даярлық деңгейін көрсетіп, бірнеше мәрте жалпы командалық сынақта үздік үштіктің құрамына енді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады